Ұлттық парк аумағындағы фототұзаққа ілбіс пен күшіктері бірге түсіп қалған, деп хабарлайды Ult.kz.
Мамандар мұндай сәттердің сирек кездесетінін айтады.
«Барыстың фототұзаққа түсуі бұл аумақта сирек жануарлардың көбеюіне қолайлы жағдай қалыптасқанын көрсетеді», — дейді мамандар.
Күшіктер шамамен екі жыл бойы енесінің жанында болады. Осы уақыт ішінде олар аң аулауды және табиғатта өз бетінше тіршілік етуді үйренеді.
Бейне: Жомарт Аманбаев
