Фото: gggboxing.com
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, әйгілі боксшы Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуді қарастырып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz 1bol.kz порталына сілтеме жасап.
GGG 2022 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста Сауль «Канело» Альвареспен өткен жекпе-жекте жеңілгеннен кейін рингке шыққан жоқ. Дегенмен, ол мансабын ресми түрде аяқтайтынын да жарияламаған еді.
2024 жылдың 26 ақпанында Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды. Ал қыркүйекте World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын басқаруға кірісіп, спорттың Олимпиада бағдарламасында сақталуына зор үлес қосты.
Қазір 43 жастағы Головкин спорттық басқару саласында еңбек етіп жүр. Asia Boxing президенті Пичаи Чунхаваджирамен кездесу кезінде ол рингке қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.
«Мен үшін бокс — өмір. Әлі де баптан шыққан жоқпын. Мүмкін, соңғы бір жекпе-жегімді Қазақстанда өткізермін», – деді Головкин.
