21 нау, 2026 сағат 16:57

Елімізде Қожа Ахмет Ясауи мемлекеттік наградасы пайда болады

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылатын болады.

"Қожа Ахмет Ясауи – бүкіл жер жүзіндегі адамзатқа ортақ ғұлама, оны бәріміз ең алдымен қазақ халқының мақтанышы ретінде қабылдауымыз керек. Бұл тұлғаны әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеуіміз қажет, бірақ ең біріншіден Қазақстанның жұртшылығына танымал етуіміз керек", - деді Президент.


Мемлекет басшысы осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауды, еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыруды тапсырды.