Фото: ашық дереккөз
Боксшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қолдаушыларына алғыс білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен. Бұл спортшы үшін үлкен бақ», - деп жазды ол.
Айта кетері, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылған болатын.
Боксшының өзі бұл жаңалықты естіп, таңғалғанын айтқан.
