ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жас дарын Ержан Максимді «Junior Eurovision» ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ержан Максим беделді «Junior Eurovision» ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл - теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!», - деп жазды Президент twitter парақшасында.
Еске салсақ, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максимнің екінші орын алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.