21 там, 2020 сағат 11:52

БҚО тұрғыны 172 дана киік мүйізін қораға көміп тастаған

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 172 дана киік мүйізін қораға көміп тастаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жедел іздестіру шаралары барысында Жаңақала ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Ол 172 дана киік мүйізін өз үйінің ауласындағы қораға көміп, жасырған. 

Аталған дерек бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Департамент бастығы Мақсұтхан Аблазимовтың тапсырмасына сәйкес осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. 

Жыл басынан бері өңірде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулауға қатысты 29 қылмыс ашылған.