19 там, 2020 сағат 10:51

Атырауда қарасора плантациясы табылды

Атырау қаласына іргелес орналасқан Еркінқала ауылының тұрғыны үйінің ауласына 1898 түп есірткі шөбін өсірген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қарасора» алдын алу шарасы кезінде Еркінқала ауылы тұрғынының үй ауласына 1898 түп есірткі қарасораны заңсыз өсіргені анықталған.

«Тексеру жүргізген полицейлер бұған қоса кептірілген сораны да тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, кепкен қарасораның салмағы 1 килограмм 25 грамды құраған.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 296-бабымен (Есірткі психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.