11 мау, 2025 сағат 12:26

Астанада патриоттық мурал ашылды

Фото: Polisia.kz

Елордада көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне арналған «Ұлттық ұлан — ел айбыны» патриоттық муралы салынды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Муралды салтанатты түрде ашу құрметі қызмет барысында қырағылық пен жанқиярлық танытқан қос сарбаз - Даниял Сәрсенғалиев пен Нұржан Жұмабекұлына берілді. Даниял Сәрсенғалиев таяуда эпилепсиялық ұстамасы бар қызға жедел медициналық көмек көрсеткен болатын. Ал Нұржан Жұмабекұлы «Шарын» базарындағы өртті байқаған бойда тиісті қызметтерге уақытылы баяндап, оқиға орнына қосымша күш шақырып, қауіп аймағына дереу қоршау ұйымдастырған», - делінген хабарламада.


Айта кетейік, өнер нысаны Сейфуллин 9/1 және Кубрин 22/1 көшелерінің қиылысында орналасқан алаңдағы ғимаратқа салынған.