02 қыр, 2019 сағат 13:36

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындарына жер асты дүмпуі бүгін түскі сағат 15:07-де анық сезілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҒМ ҒК «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлағандай, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта болған.

Стансаның мәлімдеуінше, жер сілкінісі түскі 15:06:17 уақытта тіркелген.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5, магнитудасы – 3,7.

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

Қала тұрғындарына 2-3 балл көлемінде сезілді.

Қалалық ТЖД жергілікті атқару органдары, прокуратура, «Қазселденқорғау» МКК, басқа да ұйымдарға шұғыл хабарландыру жіберді.