Фото: ашық дереккөз
Ақтауда жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды. Қайғылы жағдай 7 сәуір күні сағат 16:15 шамасында 11А мен 26-шағынаудандар арасындағы жолда, «Жігер» сауда орталығы маңында болған, деп хабарлайды Ult.kz.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 78 жастағы әйел адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Осы сәтте оны «Skoda Octavia» маркалы автокөлік қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған кейуана оқиға орнында жан тапсырды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін қамтиды. Кінәлі деп танылған жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
