05 ақп, 2026 сағат 13:23

"Бәрі ақша үшін": Танымал психолог Айнұр Тұрсынбаеваның былығын жайып салды

Танымал психолог Ирина Раззах журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық іс-әрекеттеріне күмән келтірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Айтуынша, Тұрсынбаева ақша үшін халықты алдаудан да тайынбайды. 

"Құдайындай сенеді халық. Қазақты ойласа неге қаңғыртып "чекап" деп Түркияға жібереді? Қазақстанда да бар ғой ол нәрсе. Соның жарнамасына сенген адамдардың бәрі таяқ жеген екен. Маған сонысы ұнамады. Ақша үшін бәріне жарнама жасай беретіні ұнамады. Одан кейін ол кісі ақша жинады. Дәріге халық болып ақша жинадық. Мен де эфирге шықтым. Соның атынан халыққа ақша жинайық, мына бала ауырып жатыр екен деп. Себебі мен Айнұрға сендім. Кейіннен ол баланы Дубайға апарып емдетті. Бірақ ол баланың анасына жазып құжат сұрағанымда, маған ешқандай да документ берген жоқ. Сол емге жиналған 1 миллиард теңге үшті-күйлі жоқ болып кетті", - деді ол.