06 сәу, 2026 сағат 10:07

Ақмолада төтенше жағдай: бөгет бұзылып, жүздеген адам жұмылдырылды


Фото: ТЖМ


Ақмола облысында бөгет бұзылып, шұғыл түрде апатты-қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қорғалжын ауданындағы «Шоптыкөл» бөгетінде ақау анықталған. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.


Қазір оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу үшін жедел шаралар қолға алынған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және су арнасын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Апат салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, полиция және жол қызметтері жұмылдырылған. Жалпы саны 170-ке жуық адам мен 43 бірлік техника тартылған.


Ведомствоның хабарлауынша, жағдай тұрақты бақылауда.