20 там, 2020 сағат 07:59

Ақмола облысында әлеуметтік желіде порнографиялық сурет таратқандар ұсталды

Ақмола облысында әлеуметтік желіде порнографиялық сурет таратқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасы барысында ақпараттық технологияны қолдану арқылы порнографиялық суреттің интернет желісінде таратылғаны анықталған. 

«Ақмола облысының 23 және 25 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ 34 жастағы астаналық ұсталды. Үш әйел де порнографиялық сайттағы өз парақшасына интимдік суреттерді жариялаған», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 311 бабы бойынша (порнографиялық материалдар мен заттарды заңсыз жариялау) қылмыстық іс қозғалды.