22 нау, 2019 сағат 15:01

Аида Балаева елорданы "Нұр-Сұлтан" деп атау туралы ұсынысты қолдады

ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі Аида Балаева ел астанасының "Нұр-Сұлтан" болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктағы жеке парақшасында жазды.

Аида Ғалымқызы елорданың атауын өзгертуге қатысты бастамаға қолдау білдіре отырып, ел егемендігін алған тұстағы Астананың алғаш көшірілуін тағы бір мәрте еске алып өтті. 

"Ақмоланың Астана болып өзгеруіне қатысты күдік пен күмән аз болмады. Бұл қадамның нәтижелі болуына көпшілік сене қоймады. Кез келген шешімнің жақтаушылары мен даттаушылары бар екендігін түсіну өте маңызды. Сол себепті, Елбасымыздың айрықша тарихи еңбегіне ұлттың құрметі ретінде жаңа бастаманы қолдау заңды деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы тек қана Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның символы - жаңа астананың іргесін қалаушы-архитекторы. Егер Елбасының жаңа астананы салудағы қажырлы қадамы мен көрегенділігі болмаса, біздің бүгінгі әңгімеміздің мәні болмайтын еді, - дейді ол.