09 нау, 2025 сағат 11:30

9 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Baigenews.kz

Бүгін, 9 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ақтөбе,  Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында  тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел екпіні кей өңірлерде жел екпіні - 15-23 м/с. Таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, кей өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан,  Абай, Жамбыл облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с, кей өңірлерде 23-28 м/с аралығында болады.

Астана қаласында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -8-10 °C, ал түнде -12-14°C болады деп күтіледі.

Алматы қаласында күн ала бұлтты. Жауын-шашын жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз +6+8°C, түнде 0-2°C шамасында.

Шымкент қаласында күн ала бұлтты. Күндіз +10+12°C, түнде +2+4°C жылы болады.