Фото: Астана әкімдігі
Жүгіруден әлемде ең танымал New York Marathon бәсекесінің биылғы жарысында 55 000 адам қатысты, деп хабарлайды Ult.kz Sport12.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан атынан биыл 44 жеңіл атлет тіркелді. Оның ішінен 80 жастағы Салтанат Түйтебаевтың орны ерекше. 80-89 жас санатында сынға түскен астаналық зейнеткер 42,2 шақырымды 4 сағат 45 минут 56 секундта жүгіріп өтіп, екінші орынды иеленді. Жалпы осы санатта 33 спортшы қатысты.
Салтанат Түйтебаевтың бұл бірінші жетістігі емес. Бұған дейін ол 2021 жылы «75+» жас санатында өнер көрсетіп, екінші орынға тұрақтаған еді.
Ал New York Marathon жүгірісінде ең егде қатысушы болып Жапониядан келген Коичи Китабатаке танылды. 91 жастағы қатысушы марафон қашықтығын 7 сағат 25 минут 13 секундта еңсерген.
