25 жел, 2017 сағат 13:24

2018 жылғы демалыс күндері ауыстырылды- Үкімет қаулысы

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2018 жылдағы демалыс күндері ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2018 жылдағы сенбіге түскен демалыс күндері ауыстырылды. 

2018 жылы демалыс күндері: 

  • Сенбі 3 наурыздан жұма, 9 наурызға;
  • Сенбі 28 сәуірден дүйсенбі, 30 сәуірге;
  • Сенбі 5 мамырдан сейсенбі, 8 мамырға;
  • Сенбі 25 тамыздан жұма, 31 тамызға;
  • Сенбі 29 желтоқсаннан дүйсенбі 31 желтоқсанға ауыстырылды.

Айта кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет мереке күндері кезеңінде демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.