13 ақп, 2026 сағат 10:43

120 келі тартатын дөңгелікті көтерген қыздар жасағы көпшілікті таңғалдырды

Қазақстан құрамасы Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Kazakhstan А» командасы турнирде 2-орынға ие болып, қуанышты еселей түсті, деп хабарлайды Ult.kz.

Командалардың бірі «Tomiris» қыздар құрамасы әлем жанкүйерлерінің ерекше назарына ие болды. Олар турнирдің барлық кезеңінде әйелдер командалары арасында озық шықты әрі жалпы есепте ондаған ерлер құрамасынан басым түсті. 

Қыздар жасағының 120 келі тартатын дөңгелікті 30 метр жерге көтеріп апарған видеосы желіде тарап, көпшілікті таңғалдырды.