Ер адам кәсіпкерге өзінде болмаған 36 теміржол вагонын жалға беруге уәде беріп, 18,5 млн теңге алған, деп хабарлайды ult.kz.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйекте ол вагондардың сериялық нөмірлері көрсетілген тізімді ұсынып, жалған кепілдік хат жіберген. Алайда вагондарды жеткізуге нақты мүмкіндігі болмаған.
Бірінші сатыдағы сот ер адамды аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін 7 жылға бас бостандығынан айырған. Кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырып, оның ақталу туралы шағымын қанағаттандырмады.