Павлодарда көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылған 68 жастағы тұрғын мас күйде тағы да рөлге отырған, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz полиция қызметкерлері ГАЗ-24 көлігін тоқтатқанда, жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде мас болғанын растады.
Тексеру барысында ер адамның тамыз айында көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазір оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретінін ескертеді.