Freedom Inside '26

Жасыбай көлінде 67 жастағы ер адам ажалдан аман қалды

Жасыбай көлінде 67 жастағы ер адам ажалдан аман қалды
egemen.kz

Павлодар облысында Жасыбай көлінде суға батып бара жатқан 67 жастағы ер адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға кезінде көл жағасында демалып жүрген тұрғындар суда жүрген адамның көмекке мұқтаж екенін байқап, бірден 112 қызметіне хабар берген.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен суға шығып, 1959 жылы туған ер адамды арнайы жүзу құралының көмегімен жағаға алып шыққан.

ТЖД мәліметінше, жағада зардап шегушіге бірден реанимациялық көмек көрсетіліп, кейін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

Ведомство азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға және тек арнайы жабдықталған әрі шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге шақырды.