Заңгер Мейірман Шакеев Тамара Асардың депутат сайлауына түсуін сынады, деп хабарлайды ult.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әншілердің заң шығарғанына қарсы екеніү ашық жеткізді. Әрі Тамара Асардың осы күнге дейін қоғамды дүр сілкінткен оқиғаларға белсене араласпағанын алға тартып, бұдан кейін де қоғамды өзгертуге “үн қосатынына” күмәні бар екенін айтты.
"Біз жақында Республика сарайында @bakytzhan.bazarbek екеуіміз концерт береміз десек, қолдайсыздарма? Мәселе қалай айтатынымызда емес қой, әркімнің оған қүқы бар”, - деп жазды ол.