Жан Ахмадиев 19 жаста көз жұмған келіншектің қазасына қатысты жаңа дерек айтты

Жан Ахмадиев 19 жаста көз жұмған келіншектің қазасына қатысты жаңа дерек айтты
Коллаж: ult.kz

Жамбыл облысында қаза болған 19 жастағы Мадина Рашидқызына қатысты Жан Ахмадиев пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

«Мадинада көңілдес болды ма?Мадиярды қорғайтындар келсе — қорғандар. Бірақ ол үшін өмірден өткен Мадинаны қаралаудың қажеті жоқ! Ол енді өзіне жауап бере алмайды. Шындықты тергеу мен сараптама анықтайсын. Ал Мадинаның аруағын қорлауға жол бермейміз!», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Мадина Меркі ауданында шамамен екі жыл тұрған. Ол Өзбекстан азаматы болған және Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан. Марқұмның артында сегіз айлық сәбиі қалды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мадинаның құрбысына жазған хат-хабарлары тараған еді. Онда жас келін күйеуімен жиі жанжалдасатынын және оның өзіне қол көтергенін жазған. Сондай-ақ хаттардың бірінде ерлі-зайыптылар арасындағы соңғы жанжалдың «Барни» тәттісіне байланысты болғаны айтылған.

Мадина кейін жеке заттарын жинап, күйеуінен кетіп, ажырасқысы келетінін құрбысына жеткізген.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының полициясы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Ал марқұмның туыстары оның өліміне күмән келтіріп, істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.