Полицияның жедел-іздестіру және тергеу шаралары нәтижесінде күдікті қысқа уақытта анықталған. Ведомство мәліметінше, әйел кінәсін мойындаған, деп хабарлайды ult.kz.
Еске салайық, бүгін таңертең Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылған еді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өміріне қауіп жоқ.
Қазір оқиға бойынша толық тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.
Тергеу барысына қатысты өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Бұған дейінгі ақпаратта Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылғандығын хабарлаған болатынбыз.