Қордайда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды

Қордайда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға Гвардейск гарнизоны аумағында болған. Қоқыс контейнерлерінің бірінен табылған нәресте туралы ақпаратты аудандық полиция бөлімінің өкілдері растады.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сәби – қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Нәрестені қоқыс контейнеріне кім және қандай жағдайда тастағаны әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.