Владимир Путин Астанаға келді

Владимир Путин Астанаға келді

Бүгін Астанада Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздері өтеді. Бұл туралы РФ президентінің сайтында хабарланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы, Еуразиялық экономикалық одақ және өзге аймақтық бірлестік аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысады.

Іс-шара аясында Мемлекет басшысының Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардың Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.