Қазақстан құрамасы үшінші күнді 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медальмен қорытындылады, деп хабарлайды ult.kz.
Аударыспақ: Сырым Ізбасаров пен Дарын Өткелбай — алтын, Нұржан Еркінұлы — қола.
Құсбегілік: Серікболсын Жалғасұлы — алтын, Арман Қошқаров пен Бақдәулет Бабажан — күміс, Ерлан Кенжетаев — қола.
Самбо: Болат Сапар — алтын, Еркебұлан Нығметов пен Жандос Бейсенбаев — қола.
Қырғыз күресі: Алмас Жұмағали — күміс.
Қол күресінен қазақстандықтар 7 алтын, 4 күміс, 1 қола жеңіп алды.
Арқан тартыстан ұлттық құрама тағы бір алтынға қол жеткізді. «4x4» финалында Иран спортшыларын жеңді.
4 қыркүйекте қазақстандықтар 21 спорт түрінен жарыс жолына шығады.