Freedom Inside '26

Ұлытауда жүргізуші куәлігін «сатпақ» болған алаяқ әшкереленді

Ұлытауда жүргізуші куәлігін «сатпақ» болған алаяқ әшкереленді
Zakon.kz

Ұлытау облысында жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеп беремін деп азаматтарды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Сәтбаев қаласының тұрғынын қолға түсірген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жүргізуші куәлігін емтихансыз және қысқа мерзімде алып беруге көмектесетінін айтып, азаматтарға өз қызметін ұсынған. Алайда ақша алғаннан кейін клиенттерімен байланысын үзген.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша 20-ға жуық жәбірленуші анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізуші куәлігін алу тек заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатынын еске салды. Ол үшін арнайы оқу курсынан өтіп, емтихандарды тапсырып, құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдеу қажет.

Құқық қорғау органдары оқусыз және емтихансыз жүргізуші куәлігін рәсімдеуді ұсынатын күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырып, осындай жағдайларға тап болған азаматтарға бірден полицияға хабарласуға кеңес берді.