Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасы хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Шыңғыс Әрінов 1983 жылы туған. 2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарған.
2022 жылы ҚР Президентінің өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне кірісті.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
Шыңғыс Әрінов ІІ және ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен және ҚР Президентінің атынан берілген алғыс хаттармен марапатталған.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылған еді.