Түркістан қаласында өгей әкесі өзінің ұлы мен келінін өлтірді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы ақпаратты журналист Айка Айтаханова желідегі парақшасында хабарлады.
Журналистің айтуынша, ер адам мен әйелі Қызылордадан анасының жерлеу рәсіміне келген. Кейін әкесімен ортада жанжал туындаған.
Әкесі ұлы мен келінін өлтірген. Кейін өзі полицияға хабарласып, мәнжайды айтыпты.
Көршілері марқұмдардың бірі үйде, бірі далада жатқанын айтты. Олар көршісін жақсы адам болғанын айтып, қалай мұндай әрекетке барғанына сенбей отыр.