Түркістан облысының Леңгір қаласында түнгі уақытта тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға кезінде белгісіз екі адам жергілікті тұрғынның үйіне басып кіріп, оған күш қолданған. Бұдан кейін оның ұялы телефонын алып кеткен.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктілердің жеке басын анықтаған. Сондай-ақ олардың жүрген жері белгілі болған.
— Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, — делінген министрлік хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Істің тергелу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.