Тоқаев Вице-президент лауазымына кандидатураны ұсынды

Тоқаев Вице-президент лауазымына кандидатураны ұсынды
Ақорда

Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.

Атап айтқанда, Вице-президентті Президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Президент Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізеді.

Ерлан Қарин осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.