Тоқаев Экология министріне бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Экология министріне бірқатар тапсырма берді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады. Кездесуде министрліктің негізгі міндеттері талқыланды, деп хабарлайды ult.kz.

Президент орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып, ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

Кездесуде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыттар салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмысты өзге өңірлерде де жалғастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан бөлек, экологиялық мәдениетті арттыру және «Таза Қазақстан» бастамасын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды.