Тоқаев бірқатар мемлекеттік қызметшіні қызметінен босатты

Тоқаев бірқатар мемлекеттік қызметшіні қызметінен босатты
Ақорда

Мемлекет басшысының бірқатар кадрлық шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.

Президент Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Дархан Мейрамұлы Ахмедиев — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;
  • Абай Алтай — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен;
  • Ербол Дәненұлы Адаев — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Кадрлық өзгерістерге қатысты тиісті өкімдерге Мемлекет басшысы қол қойған.