Такси бағасы үш есеге өсті: inDrive-ке ескерту жасалды

Такси бағасы үш есеге өсті: inDrive-ке ескерту жасалды
Informbure.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне монополияға қарсы заңнаманы бұзуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы алдын ала ескерту жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған 11 қазанда «Яндекс Go» сервисінің уақытша істен шығуынан кейін такси бағасының күрт өскені туралы ақпарат негіз болған. Пайдаланушылардың inDrive-ке жаппай ауысуы сұранысты арттырып, жекелеген сапарлардың құны үш есеге жуық қымбаттаған.

Агенттік мәліметінше, жүргізушілер мен жолаушылар өзара келісетін тарифтерге бос көліктердің тапшылығы әсер еткен. Ал inDrive жағдайды тұрақтандыру үшін комиссияны төмендетіп, баға бойынша саудаласу шегіне қатысты шектеулер енгізген.

Ведомство такси қызметтері нарығында тұтынушылардың құқығын қорғау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу маңызды екенін атап өтті. Ескерту алдын алу сипатында және ықтимал заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған