Сырдария өзенінде екі ағайынды жігіт суға батып кетті. Қайғылы оқиға 22 тамыз күні сағат 14:00 шамасында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Суға кеткендер – Сейдан Жәлімбет Темірәліұлы мен Сейдан Жанболат Темірәліұлы.
Бұл туралы олардың досы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, іздеу жұмыстарына қосымша құтқарушылар, сүңгуірлер, қайықтар мен техника тартуды сұраған.
Әзірге оқиғаның нақты мән-жайы мен іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы ресми толық ақпарат жарияланған жоқ.