Шымкентте маркетплейс арқылы бу үтігін сатып алған тұрғын ақшасын қайтара алмаған соң, сатушыны сотқа ұберді. Сот шешімімен кәсіпкерден тауар құны, өсімпұл, моральдық зиян өтемақысы және сот шығындары өндірілді, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық соттың мәліметінше, тұрғын үтікті 64 мың теңгеге сатып алған. Алайда оны пайдаланған кезде бу шығару функциясы дұрыс жұмыс істемеген. Тұтынушы тауарды тексеру үшін сатушыға тапсырғанымен, ақшасын қайтара алмаған.
Сотта кәсіпкер үтіктің жарамдылығын растайтын құжаттар мен сараптама қорытындысын ұсынбаған.
Нәтижесінде сот сатушыдан 64 мың теңге тауар құнын, 55 мың теңгеден астам өсімпұл және 20 мың теңге моральдық зиян өтемақысын өндірді. Бұған қоса, сот шығындары да өтелуге тиіс.
Ал маркетплейс пен банкке қатысты талаптар қанағаттандырылмады. Сот олар тауар сатушысы емес, тиісінше технологиялық алаң мен қаржылық қызмет көрсетуші екенін ескерген.
Сот шешімі заңды күшіне енді.