Актер әрі әнші Олжас Абай әлеуметтік желідегі жазбасында Дариға Бадықоваға деген сезімін ашық білдірді. Өнер иесі бірге түскен суретін жариялап, соңғы бес жылдағы қарым-қатынасына қатысты жұрттың назарын аударған сөздер жазды, деп хабарлайды ult.kz.
Олжас Абайдың айтуынша, бес жыл ішінде алғаш рет екеуі бір ай бойы көріспеген. Актер мұндай ұзақ уақыт бөлек жүру екеуіне де оңай болмағанын жазды.
«5 жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік. Екеуміз де оңай адам емес екенбіз... Тылсым сезім жүрек көрген сайын, естен тандырып, жақсы көргізіп жіберетініне таңғалдым», – деп жазды ол.
Сондай-ақ актер махаббатқа бұрынғыдай қарамайтынын айтып, сезімін ерекше сипаттаған.
«Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», – деді Олжас Абай.
Оның «5 жылда бірінші рет» деген сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Желіде бұл сөз актер мен Дариға Бадықованың қарым-қатынасы бес жылдан бері жалғасып келе жатқанын меңзей ме деген болжамдар айтылды.
