ШҚО-да сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды

ШҚО-да сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды
Қызылорда облысында сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Жоғарғы соттың хабарлауынша, ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, судья мүдделі тараптың пайдасына шешім шығару үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Кейбір дереккөздерде күдікті 40 миллион теңге көлемінде пара алды деген ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Құқық қорғау органдары тергеу аяқталғанға дейін қосымша ақпарат бермейтінін мәлімдеді.