ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелді өлтірген

ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелді өлтірген
Фото: freepik

23 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел алған дене жарақаттарынан көз жұмған. ШҚО ПД хабарлауынша, оған жарақатты мас күйінде болған бірге тұратын ер адам салған. Осыдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалды. Полиция қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.