28 маусым күні Астанадағы Qazaqconcert сахнасында «NE PROSTO RETRO 80s» бағдарламасымен Ne Prosto Orchestra концерті өтті. Музыкалық кештің бас серіктесі Қазақстанда Allur компаниясы ұсынатын әрі ресми дистрибьюторы және өндірушісі болып саналатын Škoda автомобиль бренді болды.
Кеш барысында көрермендер 1980-жылдардың әлемдік және отандық әйгілі хиттерін Ne Prosto Orchestra ұжымының авторлық симфониялық өңдеуінде тыңдады. Сахнада Майкл Джексон, Стинг, Modern Talking, Scorpions және әлемдік музыка мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған өзге де орындаушылардың шығармалары орындалды. Танымал туындылардың оркестрлік жаңа интерпретациясы олардың өзіндік ерекшелігі мен атмосферасын сақтай отырып, тыңдарманға мүлде жаңа қырынан ұсынды.
Ne Prosto Orchestra-ны қолдау – Škoda брендінің дәстүрге құрмет, жоғары орындаушылық сапа және үздіксіз даму секілді басты құндылықтарының көрінісі. Брендтің отаны – Чехияда Škoda Auto 30 жылдан астам уақыт бойы Чех филармониясы – Еуропадағы жетекші симфониялық оркестрлердің бірімен ынтымақтастық орнатып келеді. Сонымен қатар компания мәдениет пен қоғамның дамуына, мәдени мұраны сақтауға үлес қосатын музыкалық және мәдени жобаларды тұрақты түрде қолдайды. Қазақстандағы Ne Prosto Orchestra-мен серіктестік осы дәстүрдің заңды жалғасына айналды.
«Біз Ne Prosto Orchestra-ның талантты ұжымымен әріптестік орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Негізінде бұл жоба мен Škoda брендін ортақ философия біріктіреді. Біз клиенттерімізге уақыт сынынан өткен, сапалы әрі үнемі жетілдіріліп отыратын өнім ұсынамыз. Сонымен бірге негізгі құндылықтарымызды сақтап, заманауи талаптарға бейімделіп келеміз. Ne Prosto Orchestra да дәл осылай музыкалық классика мен өткен жылдардың танымал шығармаларын жаңаша өңдеп, қазіргі аудиторияның көңілінен шығатын жаңа үн қалыптастырып келеді.
Өткен заманның бір ойшылы: "Өткенді білу керек, сонда ғана бүгінді түсініп, болашақты болжауға болады" деген сөзді бекер айтпаған. Ұжымға шығармашылық табыс пен кәсіби жолында әрдайым "мажорлы" әуен серік болуын тілейміз», – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин.
Бүгінде Allur Қазақстандағы Škoda автомобильдерінің ресми дистрибьюторы әрі өндірушісі болып табылады. Автокөліктер Қостанай қаласындағы өндіріс алаңында құрастырылады. Соның арқасында Škoda Қазақстанда сериялық өндірісі жолға қойылған жалғыз еуропалық автомобиль бренді болып отыр. Компания отандық нарықта брендті дамыта отырып, елде өндірілген еуропалық сападағы автокөліктерді ұсынып қана қоймай, мәдениет пен қоғамдық өмірдің дамуына ықпал ететін жобаларды да қолдап келеді.