Шайдоров әлемнің үздік үштігіне енді

Шайдоров әлемнің үздік үштігіне енді
PIERO CRUCIATTI/Getty Images

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2026/2027 жылғы маусымға арналған мәнерлеп сырғанаудан жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 3 918 ұпай жинап, рейтингте үздік үштіктің қатарына енді.

Бірінші орында 4 590 ұпаймен АҚШ спортшысы Илья Малинин тұр. Екінші сатыға 4 123 ұпай жинаған жапониялық Юма Кагияма жайғасты.

Шайдоровтан 279 ұпайға қалып қойған Жапония өкілі Шун Сато 3 639 ұпаймен төртінші орынға орналасты. Ал Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа 3 625 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді.

Бұған дейін Михаил Шайдоров өзіне үлгі тұтатын спортшыны да атаған еді.