Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ұлттық қор қаражатын қазір пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қордан бөлінетін қаражаттың бір бөлігін қазір әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға бағыттау экономиканы қолдауға және халыққа қажетті нысандарды жедел салуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ult.kz.
"Үкіметтің Ұлттық қордан берілетін трансферттерді одан әрі пайдалану мәселесі талқыланып жатыр.
Меніңше, Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындап отыр. Бұл туралы Президент Құрылтай депутаттарын сайлау күні де айтқан болатын.
Мәселенің мәні мынада: Ұлттық қор қаражатының белгілі бір шағын бөлігі үш жылдық бюджетте қарастырылған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға бағытталмақ.
Мұнда бірнеше мәселені ескеру қажет.
Біріншіден, тек бюджет қаражаты есебінен құрылыс жүргізу ұзаққа созылуы мүмкін, ал халық күте алмайды.
Мектептер, ауруханалар, жолдар мен көпірлер қазір қажет. Әсіресе халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде бұл мәселе өзекті.
Екіншіден, бұл дағдарыс кезеңінде экономиканы ынталандыруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, әлемдегі инфляцияны ескерсек, құрылысты кейінге қалдырғаннан гөрі, қазір бастаған тиімді болуы мүмкін. Өйткені ақшаның өзі де құнсызданады", - деп отыр саясаттанушы.