Қызылорда облысында 10-сынып оқитын қызды өлтірген ер адам сотталды

Қызылорда облысында 10-сынып оқитын қызды өлтірген ер адам сотталды
Коллаж: видеодан кадр

Қызылорда облысында 16 жастағы қызды буындырып өлтірген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды ult.kz.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 16 жастағы қызды өлтірген 22 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Қайғылы оқиға биыл маусым айында болған. 10-сыныпты тәмамдаған жасөспірім қыздың мәйіті су арнасынан табылған. Оны тәулік бойы іздеген тұрғындар ағынды судан жалаңаш күйінде көріп, полицияға хабарлаған.

Осыдан кейін жедел тергеу басталып, күдікке 22 жастағы жігіт ілінген. Сот барысында олардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталған.

Тергеу мәліметінше, кездесуге келген ер адам қызды буындырып өлтірген. Сот оны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды.