Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды
Ақорда

Құрылтайдың алғашқы отырысында төраға орынбасарлары мен тұрақты комитеттердің басшылары сайланды, деп хабарлайды ult.kz.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары қызметіне Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтіп, депутаттар ұсынылған кандидатураларды қолдады.

Сонымен қатар Құрылтай құрамында сегіз тұрақты комитет құрылды. Олардың төрағалары болып:

  • Серік Егізбаев — Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
  • Үнзила Шапақ — Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
  • Марат Қожаев — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
  • Әмірбек Оспанбеков — Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
  • Асхат Аймағамбетов — Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
  • Ольга Перепечина — Қаржы және бюджет комитеті;
  • Дархан Ахмедиев — Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
  • Наталья Годунова — Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті сайланды.