Құрылтай депутаттары ант бере батады

Құрылтай депутаттары ант бере батады
Видеодан скриншот

Жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының Қазақстан халқына ант беру рәсімі басталды, деп хабарлайды ult.kz.

Алғаш болып антты «Әділет» партиясының депутаты Константин Авершин оқыды.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға және депутат ретінде маған жүктелген жоғары міндеттерді адал орындауға ант етемін», – делінген ант мәтінінде.

Бүгін, 28 тамызда Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды.

Жаңа Құрылтай құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.