Қорғаста Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Қорғаста Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
ҰҚК

Қазақстаннан Қытайға 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Тәркіленген мүйіздердің қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында болған. Шекарашылар ақбөкен мүйіздерін Қытайға заңсыз алып өту әрекетін анықтаған.

Аталған факті бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданады.

ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес істің өзге мән-жайлары жария етілмейтінін хабарлады.