«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 22–24 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада 22 қазанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қалың қар күтіледі. Өскеменде де қар жауып, бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Семейде негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Петропавлда да жауын-шашын күтіледі. Өңірде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауып, өңірдің оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Павлодар қаласында да жауын-шашын, көктайғақ пен тұман болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында, соның ішінде Көкшетауда, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың кей жерлерінде оның екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде өңірдің солтүстігінде 1 градус аяз күтіледі. Қонаевта желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да жел күшейеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус аяз күтіледі. Өңірдің шығысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с болады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус аяз болжанады.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 2 градус аяз күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде осы аумақтарда 2 градус аяз күтіледі. Облыс бойынша төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен орталығында, сондай-ақ Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында 22–24 қазанда шығысында жоғары, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі бар. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.