Қазақстандықтар гибрид көліктерге көшіп жатыр: шілде айының жаңа көшбасшысы

Қазақстандықтар гибрид көліктерге көшіп жатыр: шілде айының жаңа көшбасшысы
Allur

2026 жылғы шілдеде Geely Galaxy EX5 EM-i Қазақстанда ең көп сатылған гибрид көлік атанды. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректеріне сәйкес, бір айда осы модельдің 255 данасы сатылған. Бұл маусым айындағы көрсеткіштен шамамен 60%-ға көп.

Жыл басынан бері Geely Galaxy EX5 EM-i көлігінің сатылымы 910 бірлікке жетті. Сұраныстың артуы қазақстандықтардың гибридті күштік қондырғылары бар көліктерге деген қызығушылығының жалпы күшейгенін көрсетеді. Мұндай көліктер қала ішінде үнемділікті, ал алыс сапарларда жүріс қорының мол болуын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Geely Galaxy 2025 жылы қазақстандық Allur автокөлік компаниясының портфеліне енді. Ал EX5 EM-i моделінің өндірісі Қостанайдағы зауытта жолға қойылды. Бұл модель Қазақстанда өндірісі басталған алғашқы жеңіл гибрид көлік болды.

Geely Galaxy EX5 EM-i толық жанармай багы мен қуатталған аккумулятор арқылы 1003 шақырымға дейін жүре алады. Оның ішінде 100 шақырымға дейінгі қашықтықты тек электр қуатымен жүріп өтуге болады. Аралас циклдегі өлшенген отын шығыны шамамен 100 шақырымға 2,4 литрді құрайды. Ал көлікті тұрақты түрде қуаттамай пайдаланған кезде бұл көрсеткіш шамамен 6–6,3 литрге жетеді.

Электр қозғалтқышының қуаты 218 ат күшін құрайды. Сондай-ақ көлік қауіпсіздік жүйелері кешенімен, жүргізушіге арналған электронды көмекшілермен және цифрлық функциялармен жабдықталған.

«Geely Galaxy көліктеріне қызығушылықтың артуы олардың технологиялылығымен ғана емес, сатып алудың қолжетімді шарттарымен де байланысты. Клиенттер үшін арнайы бағалар, бастапқы жарнасыз несие бағдарламалары және Trade-in бағдарламасы бойынша сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Geely Galaxy EX5 EM-i көлігінің арнайы ұсыныс бойынша бағасы 12 099 000 теңгеден басталады», – деп хабарлады компания.

Шілдедегі нәтиже модельдің гибридтер сегментінде бірінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар баламалы күштік қондырғылары бар жергілікті өндірістегі көліктердің Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтты.