Қазақстанның су добынан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Балфанбаев Азия ойындарынан кейін әлеуметтік желіде танымал болды. Желі қолданушылары оны Голливуд актері Киану Ривзге ұқсатып, «қазақстандық Киану Ривз» деп атап жүр, деп хабарлайды ult.kz.
24 жастағы Темірлан – су добынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жақында ол Жапонияда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасымен бірге күміс медаль жеңіп алды.
Финалға дейін қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея мен Қытай құрамаларын жеңген. Алайда шешуші ойында турнир қожайындары – Жапония құрамасына есе жіберді.
Азия ойындарындағы спорттық жетістіктен бөлек, Темірланның суреттері әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Жарыстың ресми фотосессиясынан жарияланған кадрлар желі қолданушыларының назарын аударған.
«Киану Ривзге қатты ұқсайды!», «Қандай сымбатты!», «Киану Ривздің қазақша нұсқасы», «Оның TikTok-тағы видеолары бір жылдан бері тарап жүр», – деп жазған желі қолданушылары.